2025 жылдың 12 наурызында ҚР Білім министрі Ғани Бейсембаев Парламент Мәжілісінің алаңында ата-аналарға мектеп бітірушілердің кешін сән-салтанатпен мерекелеуге ақша жұмсамауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Білім министрлігінің басшысы соңғы қоңырауды 25 мамырдан кейінге қалдыру жоспарда жоқ екенін растады.

«Сонымен қатар, ата-аналар бұл іс-шараларда ысырапшылдықты доғару керек екенін жеткізгім келеді. Балаларымызға орынсыз, негізсіз ақша жұмсауға болмайды. Өйткені, мектеп – өскелең ұрпаққа тәрбие беретін орта, үлгі. Егер қазір ата-аналар балаларымен мейрамхана, кафе, тағы басқа орындарды іздеп кетсе, қандай ұрпақ тәрбиелейміз? Сондықтан қарапайым, үнемді болуымыз керек, қолда бар қаражатты мейрамханаға емес, балалардың әл-ауқатына жұмсаған абзал», – деді Ғани Бейсембаев қазақстандық ата-аналарға.

2025 жылдың 11 наурызында қазақстандық мектеп оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалатыны белгілі болды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!