фото:kazinform

КAZINFORM – Биыл мемлекеттік еңбек инспекторлары 55,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, оның ішінде 10,1 мың азаматтың алдындағы 2,2 млрд теңге сомасындағы жалақы бойынша берешек өтелді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халқты әлеуметтік қорғау министрлігінің бапасөз қызметі.


Басасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, жалақы бойынша берешек және еңбек құқықтарының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 3 781 нұсқама беріліп, 470,7 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. 50-ден астам нозология бойынша мүгедектікті белгілеудің сырттай проактивті форматы белсенді іске асырылу үстінде. Осы форматта Қазақстанның барлық өңірінен 99,6 мыңға жуық өтінім қаралды, оның ішінде 66,2 мың істі денсаулық сақтау ұйымдарынан тартылған тәуелсіз сарапшылар қарады.

-Ағзаның қайтымсыз өзгерістері бар жекелеген нозологиялар бойынша мүгедектікті белгілеудің ерекше тетігі бойынша пилоттық жоба іске асырылып жатыр, бұл – аяқ-қол ампутациясы, Даун синдромы, балалардағы мукополисахаридоз. Рәсімдер барынша жеңілдетілді және мерзімдер бір жұмыс күніне дейін қысқартылды, – делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!