Биыл «Ұлттық қор – балаларға» жобасының аясында әр баланың шотына шамамен 100-130 доллар төленеді. Бұл туралы бүгін Ұлттық банкте өткен баспасөз мәслихаты кезінде Ұлттық банктің төрағасы Тимур Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Жалпы, оның айтуынша, бұл ақша жылдағы сомамен тең. Оның сөзіне сенсек, биыл Ұлттық қордың инвестициялық табысы шамамен 8,7 млрд долларға тең. Бұл рекордтық көрсеткіш дейді Сүлейменов.
Естеріңізге сала кетейік, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына сай Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50%-ы жылына бір рет жасы 18-ге толмаған Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балалар арасында бөлінеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
