Қазақстанның ішкі істер министрлігі елден тыс шетелдіктерге жеке сандық нөмірі (ЖСН) ақылы берілетіні жөнінде хабарландырулар тарағаннан кейін тексеруді бастады. Ал елшіліктер Қазақстанның ЖСН-ін беруді жаңа жылдан бастап уақытша тоқтатады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ІІМ НЕ ДЕЙДІ

– ІІМ әлеуметтік желілерге мониториң жасау барысында барысында, сондай-ақ негізінен Ресей азаматтары үшін Қазақстаннан тыс жерде ЖСН ресімдеу мүмкіндігі туралы хабарландырулар мен түрлі сервистерді көріп білді. Осы факті бойынша жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамаға сәйкес тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр, – делінген сұрауға жауапта.

Жалпы 2024 жылы шетелдік 435 408 азаматқа Қазақстанның жеке сандық нөмірі берілген. Оның ішінде 233 013-і Ресей, 121 719-ы Өзбекстан, 13 846-ы Тәжікстан, 9308-і Қырғызстан азаматтарына тапсырылған. 

ЕЛШІІЛІКТЕРДЕН ХАБАРЛАНДЫРУ

Ал Қазақстанның шет елдердегі елшіліктерінің сайтында ЖСН-ді шетелдіктерге беру уақытша тоқтатылғаны жөнінде ақпараттар пайда болды.

– Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы шетелдік азаматтарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру» пилоттық жобасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап шетелдік азаматтарға ЖСН беру уақытша тоқтатылды, – делінген елшіліктердің сайттарында.

Бұған дейін “Ақ жол” партиясының депутаттары “Қазақстанның ЖСН-ін сатып әпереміз” деген Ресейдегі хабарландырулардан кейін Қазақстанның уәкілетті органдарына ресми сауал жолдаған еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!