Sputnik. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2025 жылдың қаңтар-қыркүйегі аралығында қанша қазақстандық аты-жөнін өзгерткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«2025 жылдың үш тоқсаны бойынша 14 мыңнан астам қазақстандық өз тегін, атын немесе әкесінің атын өзгертті», – деп жазылған хабарламада.

Төменде бұл қызметті қай өңірлердің тұрғындары жиі қолданылғаны көрсетілген:

  • Алматы – 2981 адам;
  • Астана – 2459;
  • Қарағанды облысы – 849;
  • Ақтөбе облысы – 741;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 673.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!