Қазақстанда халықаралық «Болашақ» стипендиясының жаңа иегерлері анықталды. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен бұл стипендия 189 қазақстандыққа тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Биыл конкурстық іріктеу жаңа ережеге сай кезең-кезеңімен өтіп жатыр. Оның аясында кешенді тестілеу және жеке сұхбаттар жүргізілді.
«Жаңа стипендиаттардың жалпы санынан 164 азамат – магистратура, 10 азамат докторантурада оқиды. Сондай-ақ 15 азамат әлемнің ең үздік университеттері мен орталықтарында тағылымдамадан өтеді», – делінген хабарламада.
«Болашақ» стипендиясының иегерлерінің толық тізімін мына жерден көруге болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!