«Болашақ» халықаралық стипендиясы және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы иегерлерінің тізімі жарияланды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Биыл 225 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Олардың ішінде:
- магистратураға 152 адам,
- докторантураға 16 адам түсті.
Ал 57 қазақстандық әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми-білім беру орталықтарында кәсіби тағылымдамадан өтеді.
Сонымен қатар, тағы 182 қазақстандыққа әлемнің жетекші ғылыми және зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге стипендия тағайындалды.
Грант иегерлерінің толық тізімін Халықаралық бағдарламалар орталығының ресми сайтынан көруге болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
