Фото: Тугис қосымшасынан

Алматыда Болат Назарбаевқа тиесілі болған бірнеше компания тіркелген әкімшілік ғимарат 11желтоқсанда аукционға қойылмақ, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Қазір Алматы қаласы Бостандық ауданында Байтұрсынов көшесі 104А мекенжайындағы ғимарат «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС-на тиесілі.

Айналасы саябақпен, көгілдір шыршалармен және 20 көлікке арналған тұрақпен қоршалған қызғылт сары ғимарат. Сату бойынша аукцион 11 желтоқсанда мемлекеттік мүлік тізілімінің сайтында өтетіні айтылған.

Бастапқы баға – 1 миллиард 549 миллион 542 мың 736 теңге.

Ғимарат осы жылдың тамыз айында аукционға қойылған, бірақ оны сатып алушы табылмады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!