Сотпен немесе құзырлы органмен берілген атқару құжаты борышкермен уақытылы, толық орындалуы тиіс. Орындалмаған жағдайда сот орындаушыларымен заң аясында қолданылатын мәжбүрлі орындау шараларымен қатар, борышкерлерге қатысты әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктер де қарастырылған. Әсіресі борышкерлерден алиментті уақытылы, толыққанды өндіру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отырғаны белгілі.
Алиментті өндіру – бұл соттың шығарған шешімін орындау негізінде, сот орындаушысымен заң аясында атқарылатын мәжбүрлі орындату шаралары бойынша жүргізіледі. Егер үш ай бойы алимент өндірілмесе сот орындаушысымен борышкердің алимент бойынша берешегі есептеледі. Берешек мөлшері борышкердің жалақысымен есептеледі. Егер борышкер жұмыс істемеген немесе оның жалақысын өзге де кірісін растайтын құжаттары ұсынылмаған жағдайда алимент берешегі Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақысы мөлшері негізге ала отырып есептеледі.
Қазіргі осы саладағы жұмыстың нәтижесі көрсетіп отырғандай, біздің өңіріміздегі жұмыссыз борышкерлердің алимент бойынша берешегі ай сайын көбиуде. Жұмыссыз борышкерлер үшін ай сайын орташа айлық жалақысы мөлшерінде қарыздың қосылуы әрине борышкерлер үшін өте тиімсіз. Сондықтанда, жұмыссыз алимент төлеп отырған борышкерлердің назарына жұмысқа орналасып, уақытылы алимент төлеудің маңыздылығын ескерген жөн.
Алимент төлемеген жағдайларда борышкерлерге қатысты әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктер қарастырылған. ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 669 бабының 1 бөлігіне сәйкес Сот үкімін сот шешімін немесе сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау – жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айппұл салуға немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу қарастырылған. Биыл жыл басынан бері облыс бойынша атқару құжатын орындамағаны үшін 300 ден астам борышкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан әрі, борышкерлер қасақана атқару құжатын орындаудан жалтарған жағдайларда, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 139 бабының және 430 бабының талаптарына сәйкес, қылмыстық жауапкершіліктерге тарту қарастырылған. Сондықтан да, барлық борышкерлерді атқару құжатын уақытылы, толық орындауға шақырамын.
Қызылорда облысы Әділет департаментінің мемлекеттік сот орындаушысы Р.Абдиршев
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!