Фото: БҚО ПД

«Дәрмек» және «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шаралары барысында БҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жас жігітті ұстады, деп хабарлайды KAZINFORM.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 28 жастағы шетел азаматы жалға алынған коттеджде қолға түсті. Ол есірткі құралдарын таратуға арналған интернет-дүкенді ұйымдастырды деген күдікке ілінді.

Жеке тінту кезінде одан ашық қоңыр түсті ұнтақ зат салынған екі орама тәркіленді.

Сонымен қатар коттеджді тінту барысында осындай зат салынған ZIP-пакет, iPhone 11 телефоны және синтетикалық есірткі таратуға пайдаланылған болуы мүмкін материалдары бар Acer ноутбук табылды. 

— Сараптама тәркіленген заттың жалпы салмағы 2,62 грамм мефедрон екенін анықтады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады ведомстводан.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!