Фото: Максат Шагырбаев/ Kazinform
Батыс Қазақстан облысында төрт адам қаза тапқан жол апаты салдарынан ауыр жарақат алғандар ем алып жатыр. Бұл туралы KAZINFORM ақпараттық агенттігі хабарлады.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәлім еткеніндей, қазіргі уақытта екі науқас Казталов ауданы Жалпақтал ауылындағы ауруханада емделуде.
«Сегіз жасар баланың жағдайы өте ауыр. Шамала оң өзгеріс бар. 1981 жылғы ер адамның жағдайы тұрақты ауыр. 10 жасар бала санавиациямен облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер жол апатынан жарақат алған адамдардың жағдайын жақсарту бағытында қолдан келгеннің бәрін жасауда», деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда жол апатынан төрт адамның қаза тапқанын жазған болатынбыз.
Кеше таңмен «ГАЗ-3102» автокөлігі Чапаев-Жалпақтал-Казталов жолында Жалпақтал ауылы тұсында жол шетінде тұрған «КамАЗ»-ға соғылған еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!