Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Батыс Қазақстан облысында биылғы үш айда өңір жолдарына 744 зерттеу жүргізіліп, сонша нұсқама берілді, – деп хабарлайды KAZINFORM.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, соның ішінде республикалық маңызы бар жолдарда 145 (7 хаттама толтырылды), облыстық және аудандық жолдарда 263 (31 хаттама), ауылішілік жолдарда 335 (39), шаруашылық жолдарда 1 зерттеу жүргізілді.

– Автожолдар мен жол құрылымдарын, сондай-ақ жол қозғалысы ұйымдары техникалық құралдарын тиісті деңгейде ұстамағаны үшін және ұйғарымды орындамағаны үшін 77 лауазымды қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылса, соның 49-ы – бірінші басшылар. Соның ішінде жолды күтіп ұстамағаны үшін 72 лауазымды қызметкер (44-і – бірінші басшылар) жауапқа тартылды. Сондай-ақ қалған бес бірінші басшы 5 ұйғарымды орындамағаны немесе толық көлемде орындамағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 462-бабы 3-бөлігіне сәйкес айыппұл арқалады, – деп хабарлады ведомстводан.

Департамент дерегіне сәйкес өткен жылы екі мыңға жуық зерттеу нәтижесінде 283 лауазымды қызметкер жауапкершілікке тартылса, соның 161-і – бірінші басшылар.Осы зерттеу нәтижелері бойынша өткен жылы жолдарда бағдаршам (4), жол белгілері (1 953), таңбалар, жарықтандыру жұмыстары жасалды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!