2025 жылдың 20 қазаны мен 19 қарашасы аралығында Қызылорда стансасы КПБ-нің қарасты Қызылорда қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызмет көрсету аумағында «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – табиғатты қорғау заңнамасы бұзушылықтарын анықтау мен жолын кесу, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын болдырмау, сондай-ақ экологиялық қылмыстардың алдын алу және ашу болып табылады.

Жедел-профилактикалық іс-шара барысында полиция қызметкерлері вокзалдар мен станцияларда, жолаушылар пойыздарында және әуежай аумағында тексеру жұмыстарын жүргізуде. Негізгі назар — аңшылық атыс қаруы мен оқ-дәрілердің, суық қарулардың сақталуына және алып жүруіне, сондай-ақ аң, балық аулау, ағаш кесу және табиғатты пайдалану түрлеріне қатысты рұқсат құжаттарының бар-жоғына аударылуда.

Сонымен қатар биологиялық ресурс объектілері мен өнімдерін заңсыз тасымалдау деректерін анықтау мен жолын кесу бағытында кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Бұл іс-шараның басты мақсаты — табиғатты аялау, заңсыз аңшылық пен браконьерлікке жол бермеу, азаматтардың экологиялық жауапкершілігін арттыру.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!