Бразилияда Ақтау маңында апатқа ұшыраған Әзірбайжан әуе компаниясының ұшағының қара жәшіктерін талдау жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі O Globo басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Екі қара жәшіктің мәліметтері алынып, тексерілді», – деп жазылған басылымда.

Аталған материалдарды Бразилиядан үш тергеуші, сондай-ақ Әзірбайжан мен Ресейден келген агенттер зерттеген. 

O Globo газетінің хабарлауынша, Бразилия тарапы Қазақстан билігіне қажетті ақпаратты жіберген. Оны авиациялық апаттың қорытынды есебінде жариялайды.

Айта кетейік, Қазақстан үкіметі Ақтаудағы қайғылы оқиғаны толық әрі ашық тергеу үшін рейсті жазу құрылғыларын Бразилияға жіберу туралы шешім қабылдаған еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!