Фото: pixabay.com
Қазақстанда кейбір кофе сорттарының бағасы қымбаттауы мүмкін. Арабика бағасы 1997 жылдан бері алғаш рет 3%-ға өссе, қолжетімді робуста сорты 1970 жылдардан бергі ең жоғары деңгейге жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Бразилияда кофе қоры маусым айының соңында 1 миллионнан астам қапқа дейін азаймақ. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26%-ға төмен. Бұл жағдай әлемге әйгілі кофенің брендтеріне де әсер етіп үлгерді. Қазақстанда да кофе тұтынушылары сүйікті сусындарының қымбаттауын сезуі мүмкін деп болжайды қаржы сарапшылары.
Қаржы сарапшысы Андрей Чеботаревтың айтуынша, кофе бағасы жеткізушілердің жасасқан келісімшарттарына байланысты болады.
«Кофе бағасының өзгеруі жеткізушілердің келісімшарт түріне байланысты. Егер олар кофені фьючерс немесе форвардтық келісімдер арқылы алдын ала сатып алған болса, баға өзгермейді. Осылайша ол ескі бағамен қалады. Ал егер споттық келісімдер дәл қазір сатып алса, баға тез өседі. Әлем бойынша орташа есеппен баға 10-15%-ға қымбаттауы ықтимал», – деді Андрей Чеботарев.
Қазақстанда сақтандыру төлемдерінің көлемі артып келеді. Биыл қаңтар мен қыркүйек аралығында олар 240 миллиард теңгеден асты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 23,4%-ға көп. Негізгі үлес міндетті сақтандыруға тиесілі, ол 62,5%-ға өсіп, 93,3 миллиард теңгені құрады. Сақтандыру сыйақылары да өсім көрсеттті: 1,2 триллион теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 40%-ға артық.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!