Сот орындаушыларға қойылатын талап күшеймек. Бұл туралы Үкімет отырысында Әділет министрі Қанат Мусин айтты.

Оның айтуынша, министрлік борышкер мен сот орындаушылардың құқын қорғайды.

«Атқарушылық іс жүргізу туралы» заңға 2020 жылы өзгерістер енгізілді. Олар борышкер мен өндіріп алушының құқын қорғауға, жеке сот орындаушының жауапкершілігін күшейтуге бағытталған. Енді бір ай ішінде алимент өндіру және басқа да әлеуметтік істер бойынша белсенді жұмыс болмаған жағдайда сот орындаушысы лицензиясынан айырылады. 2021 жылы осындай негіздер бойынша 19 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды», – деді ол.

Бұған дейін Жеке сот орындаушы ата-анасыз қалған 2 қыздың үйін сатып жібермек болғанын жазған болатынбыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!