Осыдан 33 жыл бұрын, 1991 жылғы 2 қазанда Қазақстан тарихында ғарышқа алғаш қадам жасалды. Ғарышкер Тоқтар Әубәкіров Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз ТМ-13» ғарыш кемесінде ұшты. Экипаж құрамында ол «Мир» орбиталық станциясында бір апта болды және 10 қазанда жерге оралды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Осы уақыт аралығында ол бес ғылыми эксперимент жүргізді.
Ұшу кезінде Арал теңізінің құмды дауылдарын түсіру және медициналық-биологиялық зерттеулер жүргізілді. Арнайы азық-түлік және ғарыштық биотехнология мұқият бақылаудан өтті. Микрогравитациядағы металл балқымаларының әрекеті зерттелді. Жерге оралған соң, жиналған барлық үлгілер ғалымдар тарапынан мұқият зерттеді.
Тоқтар Әубәкіровтің ұшуы қазақстандық ғарыш ғылымы мен технологияларын дамытудың шешуші сәті болды. Қазақ ұлтының тұңғыш ғарышкері ретінде оның жетістіктері Жерді ғарыштан зерттеуде және Қазақстанда ғарыш технологияларын әзірлеуде жаңа дәуірдің басталуын білдіреді.
Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы — техника ғылымдарының докторы, профессор, КСРО-ның 72-ші ғарышкері, КСРО-ның еңбек сіңірген сынаушы ұшқышы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Қазақстан әуе күштерінің Генерал-майоры. Қазақстанның Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!