фото: видеодан скриншот

Ақтөбе қаласындағы Астана ауданына қарасты Жаңақоныс тұрғын үй алабында жеке үйдің ауласында орналасқан шаруашылық құрылыстан өрт шықты. Аталған оқиға бойынша тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде тілсіз жау жылдам оқшауланып, толық сөндірілді.

Құтқару жұмыстары кезінде мамандар өрт шыққан нысаннан газ баллонды дер кезінде қауіпсіз жерге шығарып үлгерді. Бұл әрекет ықтимал жарылыстың және соның салдарынан болуы мүмкін ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік берді.

Аталған оқиға бойынша тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!