Бүгін марқұм Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың қамаудан шығады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдінің айтуынша, Нұрымов Қонаевтағы уақытша ұстау изолятрынан 23:45-те босап шығады.
Қаржаубайдың хал жағдайын білу үшін Қонаев қаласына келдік. Қазір көріп, қолын ұстап амандасып шықтық. Бәрі дұрыс, дені сау, ешкім қысым көрсетпеген. Тамақ беріп жатыр, жылы жерде отыр. Құдай қаласа, 25 желтоқсан түнде бостандыққа шығады, – деген болатын бұған дейін адвокаты.
Айта кету керек, 11 желтоқсан күні Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке қамалғанын жазғанбыз.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!