Сейсенбі, 17 желтоқсан күні, сағат 15:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Күн тәртібінде:
* 2024 жылғы қаңтар-қараша айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы;
* Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төніп тұрған жануарларды сақтау.
Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!