KAZINFORM — Бүгінгі таңда Қазақстанда әуе кемелерінің паркінде 104 бірлікті құрайды, оның ішінде 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында жеткізілген 6 жаңа Airbus A320 типті ұшағы мен 1 жаңа Boeing 737 MAX 8 ұшағы бар. Бұл туралы Үкімет мәлім етті.

2030 жылға дейін парк тағы 103 ұшақпен толықтырылады, бұл 216 бірлікке дейін арттыруға мүмкіндік береді.

— Биыл 36 жаңа халықаралық маршрут ашылып, нарыққа 8 шетелдік авиакомпания келді. Ел ішінде 61 бағыт бойынша аптасына 850 рейс жасалады,— деп атап өтті Мақсат Қалиақпаров.
Елімізде көліктік қолжетімділікті қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар бағыттарды қолдау үшін Қазақстанның 9 облысында 21 субсидияланатын маршрут жұмыс істейді. Оларды жүзеге асыруға 2025 жылы 6,4 млрд теңге бөлінді. Үшарал, Үржар, Көкшетау, Түркістан және басқа да туристік бағыттарды дамытуға ерекше назар аударылып отыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!