Фото: imghub.ru

20 маусымнан бастап Қазақстанда вейптер мен оларға арналған сұйықтықтарды әкелуге, сатуға және таратуға тыйым салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті заңға 19 сәуірде қол қойған еді. Заң ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң күшіне енді. Заңда шегуге болмайтын темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға және таратуға, оларды жарнамалауға тыйым салынған.

Қылмыстық кодекстің 301-бабы 1-бөліміне сәйкес: 

  • вейптерді сату және тарату – 200 АЕК дейін айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар не 50 тәулікке дейін қамауға алу;
  • әкелу және өндіру – 2000 АЕК дейін айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, бұдан бөлек 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру;
  • егер бұл әрекеттерді қылмыстық топ жасаса, 5000 АЕК дейін айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 1200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, не 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!