KAZINFORM — Бүгін Еуразиялық экономикалық кеңестің Еуразиялық экономикалық одақ аумағына сырттан көлік әкелу тәртібін өзгертуге арналған шешімі күшіне енді.
Қазақстан ЕАЭО-ға мүше болғандықтан аталған шешім Қазақстанға көлік әкелу тәртібін де өзгертеді деген сөз. Ол құжат бойынша қазақстандықтар жеке қажеттілігі үшін мына көлік түрлерін ғана әкеле алады:
— Жеңіл көлік (медициналық мақсатқа арналған көліктен басқа) және ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының 8703-тауар позициясына жататын басқа моторлы көліктер.
— Тауар номенклатурасының 8703-тауар позициясына жататын квадроцикл, қарда жүретін көлік, батпақта жүретін көліктер, жол талғамайтын мотокөлік және жалпы жолға арналмаған басқа да моторлы көлік құралдары (жалпы жолға арналмаған жарыс көліктерінен басқа).
— Тауар номенклатурасының 8711-тауар позициясына жататын мотоцикл, мопед, мотороллер.
— Тауар номенклатурасының 8702-тауар позициясына жататын 12-ден артық (жүргізушіні қосқанда) адам тасымалдауға арналмаған моторлы көлік, тауар номенклатурасының 8704 21, 8704 31, 8704 41 және 8704 51 субпозицияларына жататын жүк тасымалдауға (жоғары радиоактивті материалдарды таситын көліктерден басқа) арналған толық салмағы 5 тоннадан аспайтын моторлы көлік.
Басқаша айтсақ, 20 қазаннан бастап автобустар мен жүк көліктерін ЕАЭО аумағына заңды тұлғалар ғана импорттай алады.
Жолаушы сыйымдылығы 12 адамнан асатын автобустар мен жүк тасымалдау салмағы 5 тоннадан артық көліктер ЭЕК бекіткен тізімге кірмей қалғандықтан, оларға берілмейді. Демек, оларды кеденде рәсімдеп, электрондық паспорт алуға, утиль алым төлеуге және тіркеуге рұқсат жоқ.
Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында Қазақстан кәсіпкерлері ЕАЭО аясында тиімсіз жағдайларға тап болып, одақ елдердегі бәсекелестеріне есе жіберіп жатқанын мәлім еткен болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!