№278 Б.Момынов атындағы ІТ мектеп-лицейінде «Психология және Мен» тақырыбында оқушылармен кездесу өтті.
Кездесуге Қызылорда облысының облыстық жастар денсаулығы орталығының психолог маманы Бижанова Жансая, валеолог Мазқожа Гулназ және гинеколог Айгерім Мұратқызы қатысты.
Қазіргі таңда буллинг, кибербуллинг сөздері жиі қолданылғанымен жасөспірімдер мағынасын толық түсінбей жатады. Жалпы буллинг дегеніміз не және одан қорғану жолдары, тәуелділік, ол неден пайда болады. Осы тақырып төңірегінде облыстық жастар денсаулығы орталығының психологі Жансая Бижанова оқушыларға ақпараттық түсіндірме жұмысын жүргізді.
Буллингке ұшыраған балаға не болады? Біріншіден, психологиялық тұрғыдан әрдайым қорқыныш болады. Сабақ үлгерімі нашарлайды, мектепке бармау үшін жиі сылтау айта бастайды, сабаққа жиі кешігеді. Сондай-ақ бұл балалар үзіліс кезінде емін-еркін жүре бермейді және үнемі күйзелісте, қорқынышта жүрген балада көптеген созылмалы ауру пайда болуы мүмкін, – дейді психолог.
Буллинг жекелеген адамдардан бастап, ұйымдасқан топтық деңгейге дейін жасалуы мүмкін. Буллинг жасаушылардың заң алдында жауапқа тартылатынын жеткізді.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру және мектеп жасындағы қыз балалалардың арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу жөнінде гинеколог Айгерім Мұратқызы және валеолог Гулназ Мазқожа маңызды ақпараттармен бөлісті.
Кездесу соңында мамандар оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!