Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Дәурен Шаріпбаев  және “Қадір қасиет” ҚБ-і бірлесіп, Қызылорда облысының спорт басқармасының Жалаңтөс Баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандырылған мектеп-интернат колледжінде “Буллинг және оның алдын алу” тақырыбында оқушыларға және ұстаздарына арналған семинар-тренинг ұйымдастырды. 

​Іс-шараға мектеп-интернат колледжінің 100 ден аса оқушыларымен 30-дан астам оқытушылары қатысты. 
​Семинар – тренингте алғашқы болып Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Қызылорда облысы бойынша Даурен Сактапбергенұлы буллингке қарсы шетелдік тәжірибе және буллингке қатысты өкілмен қаралған арыздар жайлы түсіндірді. ZOOM платформасы арқылы қатысқан “Қадір-Қасиет” ҚБ өкілі Айжан Дарибаева республикада орын алған буллинг жағдайлары  және оларға қолданылған шаралар жайлы атап өтті.

​Сондай-ақ, семинар – тренинг барысында Қызылорда облыстық бала құқықтары жөніндегі уәкіл  Жақсыгүл Тоғанова «Буллинг туралы ақпаратты кеңейту» тақырыбында, Қызылорда облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының  ювеналды полиция  тобының  аға инспекторы  полиция майоры Раушан Абдразақова  «Өңірде тіркелген буллинг фактілері  және олардың себептерін анықтау» тақырыбында, «Қызылорда облысының ҮЕҰ альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Изден Анар «Буллинг салдарынан қиыншылықтар және оның алдын алу жұмысын жүргізу» тақырыбындамектеп-интернат колледждің директоры Асылжан Жаманқұл  «Спорт мекемелерінде кездесетін буллингтің түрлері» жайлы ақпараттарға тоқталды.

​Сонымен қатар семинар – тренингке арнайы шақыртылған доцент, психология ғылымдарының кандидаты  Алмагул Жанділдақызы  «Буллинг немесе психологиялық шекараны бұзу» тақырыбын талқылап, балалармен топтық жұмыстар жүргізді. 

​Семинар – тренинг қатысушылары оқушылармен кері байланыс жасап, толғандырып жүрген сұрақтарына жауап берді.

​Іс шара сонында “Сенімен Болашақ» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының басшысы Шәкизат Қаратайұлы және Қызылорда облыстық білім басқармасының Қызылорда облыстық психологиялық қолдау орталығының әдіскер-психологі Жания Бисенова өз пікірлерін білдіріп, қатысушы балалармен ұстаздарға өз кеңестерін ұсынды.

​Мектеп-интернат колледжінің оқушылары өз кезегінде қонақтарға арнайы дайындаған спорттық көріністерін көрсетіп, спорттық өнерлерімен бөлісті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!