Н.Ахмадеева атындағы №112 орта мектебінде «Буллинг құрбаны – жасөспірімдер» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Шарада ұйымдастырушылар – Жібек Ысқақова мен Сара Адайбаева буллинг пен кибербуллингтің зиянын түсіндіріп, алдын алу жайын тарқатты.
Буллинг – адам психологиясын бұзып, күйзеліске, жан дағдарысына әкелетін әрекет. Бұл проблеманың алдын алу үшін қоғамның барлық мүшесі үнсіз қалмауы қажет. Осыны ұғынып, аталған мәселенің бар екенін қоғамға сіңірген кезде ғана балалардың болашағы кемел болмақ. Мектеп оқушыларын ізгілікке бастайтын шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!