Әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде отырып, былапыт сөздерді қарша жаудырып танымал болған Мұрат Әбділдә сотталды.
Ән айтып жүрген блогердің қамауда жатқаны туралы айтылатын видео ТікТок-та лезде тарап кетті. Онда өзін Мұрат Әбділдәнің анасымын деген әйел ұлымен кездесуге кіргізбей жатқанын алға тартады. Желі қолданушылары болса, Мұрат Әбділдәнің не үшін қамалғанын білмей дал болды. Олар өз болжамдарын жасап, түрлі пікірлерін жаудырды. Басым көпшілігі Мұраттың бостандыққа шығуын тіледі.
Желідегілердің бірі «Біраз жерге барып қойыпты ғой», «Аузы жаман еді, дұрыс болған сабасына түсіп, тобасына келер» деп жазса, екінші бір топ «Аяқтарға неге бес жыл бермейді, үш рет сотталған 3 жыл 6 ай жазасы жеңіл. Ал боқауыз айтқанға 5 жыл біздің депутатар заңды дұрыс шығара алмай ма, ұйықтап отырып заң шығарғасын солай болады да», «Басқалар кешірім сұрап-ақ құтылып жатыр ғой, соларды ешкім көрмейді» деп Мұратқа қолдау көрсетуде.
Дереккөз: ERNUR.KZ
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!