Sputnik. Былтыр Қазақстан мен шетелдің 250-ге жуық азаматы адам саудасының құрбаны болған. Оларға қандай көмек көретілгенін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айтты.
Адам саудасының құрбаны болған 247 адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіліп, 32-сі жұмысқа орналастырылды.
«Әлеуметтік кодекске сәйкес, адам саудасының құрбандарына АӘҚ-тің кепілдендірілген көлемі, оның ішінде әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық көмек көретіледі. Сондай-ақ әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтер алады», – дейді ведомство.
Бұл қызметтер 6 ай бойы көрсетіледі. Қылмыстық іс аяқталмаған немесе медициналық ұйымда стационарлық емделуде болған жағдайда 9 айға дейін ұзарту мүмкіндігі бар.
Қазір мұндай жандарға арналған 13 дағдарыс орталығы жұмыс істейді.Былтыр анықталған 247 адамның 114-і шетел азаматы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!