Sputnik. Қазақстанда былтыр 2,2 миллиард долларға 160 мың тонна киім әкелінді, деп хабарлады Energyprom.kz.

Биыл қаңтарда Қазақстанда сырт киімнің бағасы 10%-ке өсті. Әсіресе Түркістан мен Шығыс Қазақстан облысында киім көп қымбаттады. Ал Жамбыл облысында керісінше киім арзандаған.

Ерлер киімі орта есеппен 9,9%, әйелдер киімі 10,3%-ке, балалар киімі 9,7%-ке қымбаттады.

Айта кетері, қазақстандық өндірушілер нарықты іс жүзінде киіммен қамтамасыз етпейді, ал өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі ұзақ жылдар бойы өте төмен болып қала береді немесе жағдай жақсармауы мүмкін.

Өткен жылдың қаңтар-қараша айларының қорытындысы бойынша отандық компаниялар сырт киімге деген сұранысты (ішкі нарықта сату және экспорт) бір жыл бұрынғы 0,4%-ке қарағанда 0,6%-ке ғана жаба алды. Елімізде 602,6 мың сырт киім өндірілді, ал импорт 92,3 млн бірлікті құрады. Бұл ретте Қазақстанда сыртқы киімді сату 33,2%-ке, 88,4 млн бұйымға дейін қысқарды.

Өткен жылдың 12 айында елге 2,2 млрд АҚШ доллары сомасына 159,7 мың тонна киім әкелінді.

Бұл ретте ТМД елдерінен 49,8 мың тонна киім импортталды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 21,7%-ке артық. Ірі жеткізуші Ресей (28,7 мың тонна), одан кейін Өзбекстан (20,1 мың тонна), Беларусь (694,4 мың тонна), Қырғызстан (105,3 тонна) және Тәжікстан (86,9 тонна) болды.

Ал ТМД-ға кірмейтін елдерден импорт 23%-ке қысқарып, 109,9 мың тонна болды. Негізгі жеткізушілер – Қытай (85,5 мың тонна), Түркия (15,3 мың тонна) және Бангладеш (4,7 мың тонна).

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!