ChatGPT әлем бойынша ең көп кіретін сайттардың алғашқы бестігіне кірді. Мұндай деректерді Similarweb аналитикалық компаниясы келтірген, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бірінші орында – Google сайты, екінші орында – YouTube. Үшінші және төртінші орындарды Meta компаниясының әлеуметтік желілері – Facebook пен Instagram иеленіп отыр.

Бұған дейін ChatGPT әлемдегі ең көп жүктелген қосымша атанған еді – алғаш рет TikTok пен Instagram-ды басып озды. Сарапшылар ChatGPT-тің танымалдылығының артуын сурет генерациялау функциясының жаңартылуымен байланыстырады – қолданушылар Studio Ghibli стиліндегі вирустық суреттерді жаппай жасап бастады. Сонымен қатар, OpenAI дауыстық режимді жетілдіріп, визуалды контентке қатысты модерацияны әлсіретті.

Сәуір айының соңында OpenAI ChatGPT-тің соңғы жаңартуын кері қайтарды. Бұл GPT-4o моделіне қолданушылардың шамадан тыс жағынушылыққа шағымданғанынан кейін орын алды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!