2025 жылдың наурыз айында ChatGPT әлемдегі ең көп жүктелген қосымша атанып, алғаш рет TikTok пен Instagram-ды басып озды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Appfigures деректеріне сәйкес, OpenAI қосымшасы бір ай ішінде 46 миллион рет жүктелген – бұл ақпан айымен салыстырғанда 28 пайызға артық.

Жаһандық рейтингте Instagram екінші орынға түсіп қалса, TikTok үшінші орынға жайғасты. Жүктеу саны бойынша алғашқы ондыққа WhatsApp, Telegram және Threads қосымшалары да кірді. Жалпы, пайдаланушылар 339 миллион қосымша жүктеген – бұл ақпанмен салыстырғанда 40 миллионға көп.

ChatGPT-тің танымалдылығының артуы сурет генерациялау функциясының жаңаруымен байланысты. Пайдаланушылар Studio Ghibli стилінде вирустық суреттерді жаппай жасай бастаған. Сонымен қатар, OpenAI дауыс режимін жетілдіріп, визуалды контентке қойылатын модерацияны жеңілдетті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!