Sputnik. OpenAI ChatGPT қосымшасында ата-ана бақылауының іске қосылғанын хабарлады.
Бұл Калифорнияда 16 жастағы жасөспірімнің суицид жасауына байланысты енгізіліп отырған жаңалық. Себебі, жасөспірімнің ата-анасы сотқа жүгінген талапарызында ChatGPT олардың ұлына суицид туралы нұсқаулар беріп, жоспар құруға көмектескенін мәлімдеді.
OpenAI ресми хабарламасында енді ата-аналар мен жасөспірімдер өздерінің аккаунттарын байланыстыра алатынын, ал чат-бот жасөспірімдегі күйзеліс жағдайы бар деп күдіктенсе, шектеулер қойып, ата-анаға бұл жөнінде хабарландырулар жолдайтынын жариялады.
Тіпті ата-аналар чат жадын бұғаттауды және қауіпті сөздерге тыйым салуды енгізе алады.
Дегенмен, ата-аналар жасөспірімдердің мәтіндік хабарламаларын толық оқи алмайды. Оларға тек қауіпті белгілер жөнінде ескертулер жолданып отырады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!