Сурет: oldnews.zabor.zp.ua

Атырауда субұрқаққа құлаған 3 жасар бала көз жұмды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жазатайым оқиға 26 шілдеде кешкі сағат 17:50 шамасында болды.

«2021 жылы туған баланы құрылғының дөңгелек сорғысы тартып кетті. Бұл факт бойынша қылмыстық іс тіркелді. Кешенді тергеу шаралары қолға алынды»,—деді Атырау ПД баспасөз қызметі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!