Фото: pixabay.com

Кардиолог Герман Гандельман және офтальмолог Михаил Коновалов қауын жеу инсульт пен асқазан қатерлі ісігінің даму қаупін азайтатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Жить здоровоға!» сілтеме жасап.

Кардиолог 100 грамм қауынның құрамында С дәруменінің тәуліктік мөлшерінің 60 пайызы бар екенін айтты.
«С дәрумені қан тамырларының серпімділігі үшін өте маңызды. Ал оның жетіспеушілігі – инсульт», – деп түсіндірді дәрігер.
Офтальмолог өз кезегінде 100 грамм қауынның құрамында табиғи қатерлі ісікке қарсы агент болып табылатын А дәруменінің күнделікті мөлшерінің шамамен 60 пайызы бар екенін атап өтті.
«Зерттеулер А дәруменіне бай тағамдарды тұтынатын адамдарда асқазан қатерлі ісігінің даму мүмкіндігі төмен екенін көрсетті», – деп қосты Гандельман.
Сондай-ақ, аз су ішу әдеті онкологиялық аурудың дамуына әкеп соқтыруы мүмкін.

«Егер сіз су ішпесеңіз, сізде қуық қатерлі ісігінің қаупі жоғары», – деп атап өтті маман.
Герман Гандельман қыста күніне кемінде екі литр су, ал жазда үш литр су тұтыну керек деп қосты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!