Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
Белгілі спортшы, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов Азия күрес федерациясы (UWW Azia) президенттігінен кетті. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.
Иордания астанасы Амман қаласында өткен федерацияның бас ассамблеясында аталған қызметке жаңа басшы тағайындалды. Енді бұл міндетті иорданиялық Мохаммед Әл-Авамала атқаратын болды. Ол 38 дауыстың 34-ін жинады. Енді иорданиялық маман бұл ұйымды 2028 жылға дейін басқарады.
Дәулет Тұрлыханов аталған қызметті 2017 жылдың мамырынан атқарып келді.
Иордания астанасы Амман қаласында өтетін күрес түрлерінен Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!