Фото: ТАСС
Дағыстандағы су тасқыны 6 адамның өмірін қиды, 200-ден астам адам құтқарылды. Зардап шеккендердің жалпы саны 6 200-ден асты, – деп хабарлайды KAZINFORM.
Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Александр Куренковтың айтуынша, республикада аймақтық төтенше жағдай жарияланды, бірақ ол жақын арада федералды деңгейге көтеріледі.
– Үкіметтік комиссия жақын арада төтенше жағдайды жаңарту туралы шешім қабылдайды, – деді ол.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, 2026 жылдың 4-5 сәуірі аралығында аймаққа екінші циклон соққы берді.
– Жағдай Геджух су қоймасы бөгетінің бұзылуымен ушығып кетті. Бұл Мамедкала ауылындағы жеке үйлердің су астында қалуына және федералды «Кавказ» тас жолындағы көлік қозғалысының шектелуіне әкелді. Сонымен қатар Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері 200-ден астам адамды құтқарды. Өкінішке қарай, тасқыннан 6 адам қаза тапты, – деді ТЖМ басшысы.
Министр су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылай төлемдерді қоса алғанда, мақсатты көмек көрсетіліп жатқанын атап өтті.
Дағыстан Республикасындағы Геджух су қоймасы бөгетінің жарылуы салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына сақтандыру төлемдері жалпы сомасы 3 миллион рубльді құрайды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!