Фото: ІІМ
KAZINFORM – Ішкі істер министрінің бұйрығымен ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы лауазымына Дархан Маханов тағайындалды.
– Полиция полковнигі ішкі істер органдары жүйесінде мол тәжірибеге және басқарушылық қабілетке ие. Бұған дейін ол аталған құрылымды департамент кезінде басқарған, кейін ол комитет болып қайта ұйымдастырылды, – делінген ақпаратта.
ІІМ басшысы Ержан Саденов Дархан Махановтың кәсіби біліктілігі мен басқарушылық қасиеттерін атап өтіп, жаңа қызметіне табыс тіледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!