Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
«Сатыбалды Дархан Амангелдіұлын бұрынғы атқарып жүрген қызметінен босата отырып, Алматы қаласының әкімі лауазымына тағайындалсын», – делінген хабарламада.
Дархан Сатыбалдының өмірбаяны
Дархан Сатыбалды 1974 жылғы 26 наурызда дүниеге келген. Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылығы институтын және Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген. Мамандығы – экономист-менеджер, заңгер.
1991 жылы Келес ауданындағы «Коммунизм» бөлімшесінде жұмысшы болып еңбек жолын бастаған.
1996–1999 жылдары – Келес ауданындағы «Келес» МКК-да аға экономист, Ақмола облысындағы «Кураков и Ко» ЖШС-де бас бухгалтер қызметтерін атқарған.
2000–2002 жылдары – мемлекеттік мекемелерде бюджет рәсімдерінің орындалуын бақылау басқармасында жетекші, бас бақылаушы-аудитор қызметінде болған.
2002–2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бюджеттік жоспарлау және қаржылық бақылау бөлімінде референт, кеңесші, бас сарапшы және сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2006–2007 жылдары – Астана қаласы әкімдігінің «Жылу» МКК директоры, Жоғарғы сот жанындағы сот әкімшілігі комитетінде жұмыс істеген.
2007–2010 жылдары – Білім және ғылым министрлігінде Бюджет департаменті директорының орынбасары, Қаржы департаменті директорының орынбасары, сондай-ақ Ғылым комитеті төрағасының орынбасары болған.
2010–2013 жылдары – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент басшысы, Премьер-Министр Кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгеруші орынбасары қызметін атқарған.
2013–2015 жылдары – Шымкент қаласының әкімі болды.
2015–2017 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.
2018–2019 жылдары – Шымкент қаласынан сайланған Сенат депутаты, Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі тұрақты комитетінің мүшесі болды.
2025 жылғы қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!