Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің 18.03.2026 жылғы №1-5-5-6-78/1367-И санды нұсқауына сай, яғни білім беру ұйымдарында көктемгі демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстарды алдын алу, сондай-ақ демалыс кезеңінде оларға қатысты құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында Қызылорда қаласы көлемінде 2026 жылдың 26-28 наурыз күндері аралығында «Демалыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты: заңды өкілдердің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үй-жайлардан тыс жүрген, алкогольдік ішімдіктер пайдаланатын кәмелетке толмағандарды анықтау, оларда қару және шанышпалы-кесетін заттарды алып жүру фактілерін анықтау, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша жұмыс ұйымдастыру, жастар топтарының көп шоғырланатын қоғамдық орындар мен көшелерге рейдтік іс шаралар ұйымдастыру, құқық бұзушылық жасауға бейім кәмелетке толмағандарды анықтау және полиция органдарына есепке қою, «Тәуекел тобындағы» отбасыларды (тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бар; соттылығы бар; толық емес, жедел жұмысты қажет ететін адамдармен қысқа мерзімге бірге тұруға жол беретін және басқалары) мекен жайынан тексеру, профилактикалық жұмыстар жүргізу болып табылады.
Әбжалиева Айкүн Құрбанқызы, Қызылорда қаласы Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі ювеналды полиция бөлімшесінің аға инспекторы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
