Фото: Caravan.kz 

Алматыда спорт шебері Денис Теннің ескерткішін бұзақы ойрандап кеткен.

Ол ескерткіштің қабырғасына жазба қалдырған. Сондай-ақ өзінің аты-жөні мен телефон нөмірін де ойып жазыпты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Qazaqstan.tv – ге сілтеме жасап.

«Алматы қаласының Полиция департаменті аталған жайтқа қатысты Қылмыстық кодекстің 1-бөлігі, 294-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады», – делінген Qazaqstan.tv ақпаратында.

Полицейлердің айтуынша, ескерткішті ойрандаған адам, психоневрологиялық есепте тұрады

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!