Мәжілістің ең жас депутаты Мәди Ахметов қыркүйек айында 27 жасқа толып, әскери билетке қол жеткізген, деп хабарлайды Экспресс К.
27 жасқа толдым. Әскери билетімді алдым,
— дейді депутат тілшіге.
Бұған дейін Қорғаныс министрінен Мәди Ахметовті әскерге шақыртуды талап етіп, петиция жариялағандар болған. Петицияда Қазақстан Республикасы Конституциясының 36-бабы негізге алынған. Яғни заңда белгіленген тәртіпке сәйкес, республика азаматтары әскери борыштарын өтеуге міндетті екені айтылған еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!