Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай Қазақстанда «Тұлпар күнін» бекітуді ұсынды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Айтуынша, жас ұрпақ арасында жылқы мәдениетін насихаттау – стратегиялық маңызы бар міндет.
«Көптеген мемлекетте жылқыға арналған ұлттық күндер бар. Қазақстанда да «Тұлпар күні» деп арнайы датаны бекітуді ұсынамын»,—деді депутат.
Сондай-ақ Аманжол Әлтай қазіргі мектеп бағдарламаларында жылқының қазақ мәдениетіндегі, тарихындағы орны жүйелі түрде қамтылмағанын да атап өтті.
«Осы орайда мектеп бағдарламасына жылқының анатомиясы, күтімі, ерекше қасиеттері жайлы арнайы модуль енгізу керек»,—деді ол.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!