Алматыда депутат Бақытжан Базарбектің баласы жататын бесік арбаны өрттеп жіберген ер адам ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жедел іздестіру шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 1991 жылы туған Б. есімді азамат ұсталды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Еске салсақ, Бақытжан Базарбек пәтерінің алдында тұрған балалар арбасын біреу өртеп кеткенін айтқан еді.

«Менің отбасыма белгісіз біреулерден қоқан-лоққыға ұқсайтын әрекеттер басталды. Кішкентай балапанымның коляскасын квартирамыздың есігі алдында жағып жіберген. Осылай, Ескі Қазақстанның өкілдері өзінің бар-жоғын ескертіп, білдіртіп отырғандай сезінесің!» – деп жазды депута

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!