Фото: Димаш Құдайбергеннің ресми сайты
Соңғы екі аптада Қазақстанға 597 мың турист келіп, рекорд орнатты. Олардың көбі V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мен Димаш Құдайбергеннің концертіне келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2024 жылғы 1-13 қыркүйек аралығында Қазақстанға 597 мың шетелдік турист қатынаған. Олардың ішінде 68 мың адам ұшақпен келсе, қалғандары авто және теміржол көлігін таңдаған.
«Шетелдік туристер санының көбеюіне ықпал еткен негізгі факторлар – Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мен танымал әнші Димаш Құдайбергеннің концерті. Аталмыш шараларға 89 мемлекеттің азаматтары келген», – деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаевтың айтуынша, шетелдік туристер көбіне Қытай, Ресей, Үндістан және Германия сынды мемлекеттерден келген екен.
«Мысалы, Қытайдан 8 мыңнан астам, Үндістаннан 6 мыңнан астам, Германиядан 4 мыңнан астам турист келген»,- дейді ол.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!