Белгілі әнші Димаш Құдайберген «Virtuosos» халықаралық байқауының 10-мерейтойлық маусымына қазылық ету үшін Венгрияның Будапешт қаласына барды. Бұл туралы dimashnews.com жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жобаға Венгрия, Австрия, Словения, Сербия және Черногориядан келген төрт жас талантты музыкант қатысады. Жартылай финалда әр елдің қатысушылары бір-бірімен жұп-жұп болып сайысқа түседі. Содан кейін финалда әр елден бес өнерпаз бір-бірімен кездеседі.

«Сайыстың ең жоғары деңгейі әлемге әйгілі музыка саласы мамандарының жоғары қазылар алқасының құрамы арқылы расталады. Олар әділ бағаларын беру үшін әншінің орындау шеберлігін ғана емес, сонымен қатар қатысушының сахнадағы іс-әрекетін, оның көрермендерге эмоционалды әсерін де ескереді»,—делінген хабарламада.

Еске салайық, былтыр Димаш Құдайберген алғаш рет осы байқаудың қазылар алқасы құрамында болған еді. Отандасымыздан бөлек, төрелік ететіндердің қатарында опера тарихындағы ең ұлы әншілердің бірі және әйгілі дирижер Пласидо Доминго, әлемдегі ең танымал тенорлардың бірі Хосе Каррерас, Андреа Бочеллидің бас менеджері Вероника Берти Бочелли бар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!