Ақтөбедегі көпқабатты үйлердің біріне Димаш Құдайбергеннің муралы салынды.

Q88 қазақстандық урбанистер қауымдастығы Ақтөбеде көгалдандыру жобасын дайындады. Қауымдастық өкілі Алина Әбдірахманованың айтуынша, биыл қалада 10 мурал салынады. Әр туынды алдын ала келісіммен салынады. Соның бірі – Димаш Құдайбергеннің бейнесі. Бір қызығы Димаштың бейнесі қолына алғаш қалам ұстатқан ұстазының үйіне салынған.

«Қандай сәйкестік десеңізші… Мен тұратын үйге Димашымның суретін салған. Қарасаң көз тоймайды. Үйдің ішінде жүріп терезеге қарасаң Димаштың ең алғашқы муралын көремін. Ал енді жұмысқа шықсаң Димаш мені шығарып сап, келгенде күтіп тұрғандай. Димаш, жарайсың! Суретті салған суретшіге мың алғыс», – деп жазды ұстазы Клара Қажығалиева.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!