Фото: Canva

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамының құлдырау себебін атады, – деп хабарлайды KAZINFORM.

– Қазақстанның негізгі экспорттық тармағы – бағасы өсіп келе жатқан мұнай және ол экспорттық түсімнің 50 пайыздан астамы. Көлем сол күйінде қалғанымен баға өсіп жатыр, экспорттық түсім көлемі де арта түсті, – деді Ұлттық банк төрағасы Мәжілістің жалпы отырысынан кейінгі брифингіде.

Осы ретте БАҚ өкілдері одан доллар бағамы құлдырауы аясында Ұлттық қор қаншалық шығынға ұшырағанын және қаражатын доллармен сақтап отырған отандастарына қандай кеңес берерін сұраған еді.

– Ұлттық қор жоғалтуы немесе жоғалтпауы мүмкін емес. Өйткені Ұлтық қордың валюталық бөлігіне қараймыз. Ол доллармен сақталған. Біз инвестициялық кеңес бере алмаймыз, – деді Тимур Сүлейменов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!