фото: NUR.KZ
Дүйсенбі, 22 шілдеде синоптиктер Қазақстанның барлық аумағында ауа райына байланысты ескерту жариялады. Бірқатар өңірде аптап күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ
22 шілдеде күндіз Алматы облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
Ұлытау облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады, ал Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болжанды.
Дүйсенбі түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қаласында 22 шілдеде күндіз найзағай күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Өскемен қаласында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
22 шілдеде күндіз Қостанай облысының солтүстік жартысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстік жартысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.
Ертең түнде Абай облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың орталығында жел екпіні 23 м/с дейін жетуі мүмкін. Сондай-ақ жоғары өрт қаупі күтіледі. Семей қаласында 22 шілдеде таңертең және күндіз найзағай, бұршақ күтіледі.
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 22 шілдеде күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жанбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!