Ақтөбеде «дүкеніңді өртейміз» деп қорқытып, ақша талап еткендер ұсталды, – деп жазады polisia.kz.

Биыл 12 сәуірде полицияға 48 жастағы ер адам арызданды. Белгісіз біреулер «азық-түлік дүкенін өртейміз» деп қорқытып жүргеніне шағымданған. Күдіктілер ай сайын 400 мың теңге төлеуді талап еткен.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру барысында 100 мың теңгені беру кезінде төрт күдіктіні ұстады.

Екі күдікті Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Олардың мүлкі тәркіленіп, үш жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!