Фото: Анадолы
KAZINFORM — Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуның айтуынша, Вашингтонның Газаға арналған бейбіт жоспарында қарастырылған «Дүниежүзілік кеңестің» құрамымен Израиль келісімге келген жоқ. Бұл туралы Kazinform агенттігі DW ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
Израиль үкіметі АҚШ-тың Газа секторын әкімшілік басқару органы құрылуын елдің билігімен келіспегенін және Израиль мемлекетінің саясатына қайшы келетінін мәлімдеді. Бұл туралы премьер-министрдің канцеляриясы Биньямин Нетаньяхуның 17 қаңтарда әлеуметтік желідегі Х парақшасында жариялаған мәлімдемесінде айтылды.The Times of Israel басылымының мәліметі бойынша, мұндай мәлімдеме жасаудың себебі — Түркия сыртқы істер министрі Хакан Фиданның Дональд Трамптың Газа мәселесі бойынша бейбіт жоспарына сәйкес құрылған органдардың бірінде қатысуы. Бұған дейін Түркияның сыртқы істер министрі Израиль үкіметін және оның Газа секторындағы соғыс жүргізу әдістерін бірнеше рет сынға алған болатын.Алдыңғы күні Ақ үй Газа секторына арналған «Дүниежүзілік кеңестің» құрамын жариялады. Бұл органның құрылуы АҚШ президенті Дональд Трамптың палестино-израильдік қақтығысты реттеу жоспарына негізделген. Кеңестің төрағасы ретінде АҚШ президентінің өзі болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!